Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін жалпы режимге қарағанда салық және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төмен мөлшерлемелер айқындалады.
Бірыңғай жиынтық төлем төлеу формальды емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін тіркеуге ғана емес, сонымен қатар міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне қатысуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері сараланған, яғни әр түрлі сақтандыру қорларына жарналар сомасын өз бетінше төлеу қажеттілігі жоқ.
Бірыңғай жиынтық төлем табыс алу мақсатында қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылады, алайда олар:
1) Жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау;
2) Жеке тұлғалар үшін жұмыс істеу, қызмет көрсету;
3) Жеке тұлғалардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру талаптарын сақтауға тиіс.
Бұл ретте, күнтүзбелік жыл ішіндегі шекті табыс 100 еселенген ең аз жалақыдан аспауға тиіс.
Бірыңғай жиынтық төлем:
1) Сауда объектілерін қоса алғанда, мүліктің сауда объектілерінің аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға;
2) Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүлікті жалға беретін жеке тұлғаларға;
3) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;
4) Оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
5) Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдарға қолданылмайды.
Осылайша, Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу формальды емес жұмыспен қамтылғандар үшін:
1) Медициналық мекемелерді таңдау құқығымен сомасы және түрлері шектелмеген Медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
2) Жүйеге қатысу өтіліне қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және базалық зейнетақы төлемдерін алуға;
3) Еңбек ету қабілетін, асыраушысынан айрылу, жүктілік және туу, бала асырап алу, 1 жылға дейін баланы күтіп бағу Жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.
Мыналар айқындалды:
1) Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшерлері қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш, ауылдарда 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
2) Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу мерзімі 5 жыл;
3) Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:
– Жеке табыс салығы 10 %;
– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар 20 %;
– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 30 %;
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40 %;