Бүгінде дүкен сөрелерінен «ECO JUICE» маркалы сусынды жиі кездестіретін болғанбыз. Аталмыш өнімнің басқаларға ұқсамау себебі ешқандай қант, бояғыштар мен қоспаларсыз, тікелей сығу арқылы шығарылған шырынды ашылған соң бір айға дейін сақтауға болады және осы уақыт аралығында сусынның дәмі бастапқыдан еш өзгермей, сол балғын қалпында қалады. Бұл отандық өнім ауданымызға қарасты Шамалған ауылында орналасқан «Керуен» холдингіне еншілес «Агрофирма «Керуен» ЖШС-гі өндіріледі деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.
Иә, шын мәнінде де табиғи! Өйткені, мұнда, қойылған австралиялық қондырғылардың көмегімен табиғи шырын жасап шығарылуда. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа еніп жатқан бұл технологияның басты ерекшелігі немесе ұтымды тұсы сусын құйылатын «багенбокс» деп аталатын пакетте болып тұр. Себебі, қораптың төменгі тұсында арнайы шағын шүмек қарастырылған. Яғни, тұтынушы шырынды өзге тетрапакеттер сияқты емес, тек белгіленген орыннан осы кранды шығару арқылы ыдысқа құйып ішеді. Кәсіпорында газдық ортамен реттелген 11 тоңазытқыш камералардың ішінде төрт арнайы температуралы режиммен жабдықталған құрылғылар орналасқан. Ал, оның біреуіне 2200 тонна өнім сыяды екен. Бұл германиялық технология арқылы жабдықталған камерада тауарды ұзақ мерзімге дейін ұстауға болады. Қазіргі таңда заманауи жеміс-жидек қоймасы жаңа серпілістер мен мол мүмкіндіктерге жол ашып отыр.
[su_custom_gallery source=»media: 7642,7643,7644,7645,7646,7647,7648″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Кәсіпорын компьютерлендірілген әдіс арқылы, бір сағатта 500 литр шырын шығарылады. Сонымен қатар, соңғы уақытта 0,5 және 0,3 литрлі шыны құтыдан тұратын барлығы 150 келі алма тосабын (повидло) алуда. Мұнан бөлек, агрокешеннің меншігінде 1200 м2 жылыжай да бар екен, онда қияр және қызанақ сынды көкеністер өсіріледі. Сол арқылы тек алма сусынын ғана емес, қызанақ шырынын да, томат пастасын да шығару жолға қойылып отыр.
Агрофирма «Керуен» ЖШС-інің өкілінің берген мәлеметінше, жуырда «ECO JUICE» шырынын Қытай елінің нарығына шығару жөнінде ұсыныс түсіп жатқан көрінеді. Ал, келешекте бұл ерекше өнім мұнымен шектелмей, өзге де алыс-жақын шетелдерге де экспортталмақ.