Долан ауылы: 2023 жылы ауыз су мәселесі шешіледі

Долан ауылы: 2023 жылы ауыз су мәселесі шешіледі

Бүгін Долан ауылындағы тұрғындар өткен аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың кезекті есептік кездесуінде су құбырларының ескіргендігін жарыса айтып, ауыз судың тапшылығын жеткізді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Жиын барысында доландықтар бірқатар мәселелерді көтерді. Олардың арасында маңыздылығы жоғары болып тұрған ауыз судың жоқтығы.  Қыстың күндері су әйтеуір ағып тұратын болса, жазда мүлдем келмей қалады екен. Сан жылдар күн тәртібінен түспей,  көпті мазалаған су мәселесі Жандарбек Ермекұлының айтуынша жоспарға сай шешіліп, Долан ауылында «Қаскелең су топтамасы» жобасының аясында сумен қамтамасыз етілетін болады.  Нақтырақ айтқанда, аудандағы 18 ауылға магистральді су құбырын жүргізуге қатысты құжаттар  мемлекеттік сараптамадан қаңтар айында өткен, қаражат бөлінген.  Ал, ауылдың ішіне жаңа су құбырлары 2023 жылға дейін орнатылады деп күтілуде. Осының негізінде келер жылы доландықтар толығымен ауыз сумен қамтылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях