Әдебиет және өнер саласының қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия берілді

Әдебиет және өнер саласының қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия берілді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев мәдениет саласы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы мемлекеттік стипендиясын табыстады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік стипендия Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы 75 қайраткерге берілді. Жыл сайын тағайындалатын бұл қаржылай қолдау мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне, жас дарындарға жасаған қамқорлығының айғағы. Сондай-ақ, олардың елімізді өркендетіп, әлемге танытуға қосқан үлестеріне көрсетілген құрмет.

Аталған стипендия Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қайрат Байбосынов, Жүрсін Ерманов, Меруерт Өтекешева, Александр Гаркавец, Гульвира Разиева және басқа да қазақ әдебиеті мен өнерінің майталмандарына табысталды. Сонымен қатар, Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, актриса Айнұр Рахиповаға, балет әртісі Бақтияр Адамжанға, ақын Қанат Омаровқа, дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медығат Манаповқа, кино режиссері Фархат Шәріповке және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях