Әдебиет және өнер саласындағы шығармаларға Абай атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі

Әдебиет және өнер саласындағы шығармаларға Абай атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі

Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді «Абай» атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатын болады. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мақаласында мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Хабар24 сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының  айтуынша, ақынның тойына байланысты республикалық және халықаралық деңгейде театр мен музыка фестивальдері өтеді. Биылғы бәйгелер басым көпшілігі Абай шығармашылығына арналады. Шығыс Қазақстан облысының Ақшоқы елді мекеніндегі Құнанбай Өскенбайұлы әулетінің қорымы абаттандырылады. Жидебайда «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салынбақ.  Оған қоса Президент Семей өңірі – еліміздегі  киелі өлкенің бірі болғандығын айтып, ол қаланы тарихи орталық ретінде белгілеген жөн екенін де айтты. Сонымен қатар: «Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық. Осыған орай шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкіметке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын», – делінген мақалада.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях