Дайындық жұмыстары жүргізілуде

Дайындық жұмыстары жүргізілуде

Республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жауапты жұмыстар жасалуда, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Күздің соңғы күндерінде-ақ қыстың ызғары білініп, алғашқы қардың жауатын уақыты да болды. Міне, осындай мезгілде әр аймақтағы автомобиль жолдардың қысқы кезеңге деген дайындық жұмыстары маңызды рөл атқарады. Біздің ауданымыз бойынша мұндай шаралар да жоспарлы түрде атқарылып келеді.

Қарасай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, республикалық маңызы бар жолдарға (Алматы – Бішкек, Алматы – Нұр-Сұлтан, Алматы – Жандосов) жауапты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жауапты жұмыстарды атқаруда. Нақты айтқанда, аталмыш компанияның құзырындағы «Казахавтодор» ЖШС мердігер мекемесі 16 арнайы техникалармен қызмет көрсетіп, жол бойындағы қысқа дайындық шараларын жүргізуде. Техникалардың қатарында бульдозер, автогрейдер,  трактор, КДМ камазы және КО-713 ЗИЛ көлігі бар. Ал, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына 18 арнайы техникасымен «ДРСУ-8» ЖШС жауапты екенін айта кеткен жөн. Мекеме тарапы автогрейдер, МТЗ тракторы, жүк тиегіш эксковаторы, КамАЗ және тағы басқа техникалар арқылы жауапты қызметтерін уақтылы жүзеге асырып келеді.

Қыз мезгілінде жол ережесіне сәйкес арнайы орнатылған бірқатар жол белгілерінің де маңызы жоғары. Осы ретте, ауданымыз бойынша оның 164 түрі орнатылғанын және жолдарға құм-тұз себіліп, автокөліктер толықтай жанар-жағармаймен қамтылғанын жоғарыда аталған жауапты бөлімнің атынан хабардар еткізім келеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях