Коронавирус салдарынан өкпеде өзгерістер мен инфаркт, инсульт болып, адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Бұл туралы Роспотребнадзор эпидемиология директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Антонина Плоскирева мәлімдеді, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы, РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
«Коронавирус инфекциясынан кейін өкпеде өзгерістер пайда болуы мүмкін (фиброз), сондай-ақ инфаркт пен инсульт болуы мүмкін, мұндай науқастар мүгедек атануы мүмкін», – деді Плоскирева.
Ол коронавируспен ауырып шыққан науқастарда, ауруханада жатса да, жатпаса да, ұзақ уақыт бойы түрлі клиникалық көріністер, оның ішінде, астеникалық синдром мен респираторлық синдром, жөтел байқалатынын атап өтті.