Алматы облысы Талғар қаласы әкімін сайлауда Қайрат Исабаев жеңіске жетті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, Қайрат Кәрімұлы Исабаев 1968 жылы туған. Бұл лауазымға оны басқа біреулер емес, өзін өзі ұсынған. Ол – Қызылқайрат ауылының отбасылық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі. Бүгінде Талғар қаласында тұрады.
«Қайрат Исабаев 53,5% дауыс жинап, Талғар қаласы әкімінің сайлауында жеңіске жетті. Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға қатысу 58%-ды құрады», делінген ресми хабарламада.
Талғар қаласының әкімі лауазымына үміткер ретінде үш кандидат бақ сынаған. Қайрат Исабаевтан басқа, Абзал Сағымбекұлы сайлаушылардың 35,3% дауысын жинаса, Ұлан Қызайбекке халықтың 7,7%-ы дауыс берген. Ал, бюллетен бюллетеньде «барлығына қарсы» – 1,6%-ды құраған.