Дәрі-дәрмек бағасы – басты назарда

Дәрі-дәрмек бағасы – басты назарда

Бүгін арнайы құрылған комиссия Қаскелең қаласында орналасқан бірқатар шағын дәріханаларға ыстықты түсіретін дәрі-дәрмектердің бар-жоғын және баға тұрақтылығын тексеріп, рейд өткізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Оның құрамында: Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ғалымжан Жолдасбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсет Нұрекенов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ілияс Қалиев және Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев бар. Комиссия мүшелері тексеру барысында дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің бар және қолжетімді екені анықталды. Тек, бірнеше дәріханаларда парацетамол мен аспирин тапшы. Мәселен, Абылайхан көшесінің бойында орналасқан «Абенова» ЖК дәріханасында аспирин, парацетамол және аскорбин қышқылы таблеткалары тапсырыс бергенімен әлі жеткізілмеген. Бірақ, оның орнына терафлю және басқа да ыстықты түсіретін препараттар жеткілікті. Бір адамға 3-5 дәріден беріледі. Ал, «Алатау» сауда үйіндегі дәріханада ыстықты түсіретін препараттардың барлығы қажетті деңгейде жеткілікті екен. Дегенмен, бұл жерде бетперделер әзірге жоқ болып шықты. Ал, дәрі бағалары барлық дәріханаларда тұрақты. Рейд барысында дәріхана иелеріне дәрі-дәрмектердің бағасын көтеруге жол берілмейтіндігі ескертілді. Алдағы уақытта мұндай бақылау тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях