Дүниежүзілік шахмат күніне орай

Дүниежүзілік шахмат күніне орай

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Шахмат ойыны – адамның ой- өрісін кеңейтетін, дене күшін емес, ойды қажет ететін, елімізде жақсы дамып келе жатқан спорттың түрі. Сонымен қатар, 20 шілде – дүниежүзілік шахмат күні. Осыған орай Қарасай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» өскелең ұрпақ пен қарттар арасында спорттың шахмат түрін кеңінен насихаттау, жас ойыншылардың кәсіби шеберлігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында жарыс өткізді.

Оған Қарасай, Текелі, Талғар, Жамбыл аудандары және Алматы қаласынан келген жиырма шақты адам қатысты.

Аталған күрделі ойын түрінен өткен жарыстың нәтижесі бойынша қарттар арасында І орынды Қарасай ауданынан Әбділзаев Виктор, ІІ орынды Жамбыл ауданынан Ізбасаров Алтынбек, ІІІ орынды Қарасай ауданынан Құнанбаев Текентай жеңіп алды. Ал, жастар арасында І орын Текелі ауданынан келген Матуш Серікке, ІІ және ІІІ орын қарасайлық Аблайханов Айтқазы мен Пермухамед Рустемге бұйырды.

Осылайша өзіндік ерекшелік пен тартысқа толы болған бәсеке соңында мерейі үстем болған ойыншылар Алғыс хатпен марапатталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях