Осы жылдың алғашқы спорттық жарысы ретінде бүгін ауданымызда өткізілген мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаев атындағы ашық турнирді айтуымызға болады. Еркін күресті серік еткен жастар Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өзара бақтарын сынады. Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Жандарбек Далабаев өзі қатысып, жас спортшыларға алғашқы болып сәттілік тіледі. Одан бөлек, құрметті қонақтардың қатарында Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов және Алматы облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев сынды үлгі тұтар ағаларымыз болды. Екі күнге жалғасатын айтулы додаға әр өңірден, қалалардан және Қырғызстан елінен жас балуандар жиналды.
[su_custom_gallery source=»media: 7036,7035,7034,7033,7032,7031″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Жасөспірімдердің салмақ дәрежесі әртүрлі болғанымен, 2005-2007 жыл аралықтағы ұл-қыздардың боз кілемдегі спорттық шеберлітері көпшілікті тәнті етті. Турнир екі күнге созылғандықтан, жарыстың жеңімпаздары соңғы күнде анықталатын болады.