COVID-19: Жағдай әлі тұрақталмады

COVID-19: Жағдай әлі тұрақталмады

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша 1146 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар мына өңірлерде анықталды: Нұр–Сұлтан қаласында –140 , Алматы қаласында – 113, Шығыс Қазақстан облысында – 60, Атырау облысында – 44, Павлодар облысында – 221, Қарағанды облысында – 80, Ақмола облысында – 138, Батыс Қазақстан облысында –91, Солтүстік Қазақстан облысында – 65, Қостанай облысында – 83, Алматы облысында – 64, Шымкент қаласында –7, Жамбыл облысында – 12, Түркістан облысында – 3, Маңғыстау облысында – 7, Ақтөбе облысында – 10, Қызылорда облысында – 8.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 195 112-ге жетті.

Сонымен қатар, аурудың ем-домын қабылдап, емделіп шыққандар да бар. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстан бойынша 1021 науқас кеше осы індеттен айықты. Ал, еліміз бойынша бұл сырқаттан жазылғандардың жалпы саны – 175 901.

COVID-19 белгілері бар пневмонияның статистикасы да күн сайын өзгеруде. Бір тәулікте 279 адам емделіп шықса, 5 ақпанда тағы 69 жағдай тіркелді.

Сонымен бұл дерттің статистикасына көз жүгіртсек, 1 тамыздан бастап 48295 адам осы ауруға шалдыққан, 579 өлім жағдайы тіркелген. Ал жазылып шыққандардың саны 37225-ке жетті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях