Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ревакциналау әдісі өзгеретінін айтты, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz
– Ғалымдарымыз халықаралық тәжірибені зерттеді, жалпы әлемде 6 айдан кейін қайта вакциналауды ұсынып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан біз 9 айдан 6 айға көштік, яғни қысқарттық, өйткені ағзаны коронавирустың жаңа штамдарынан қорғау үшін иммунитетті ынталандыру қажет, – деді Цой Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, министр А.Цой 8 желтоқсаннан бастап кез келген адам емханаға барып, қайта екпе алуына болатынын түсіндірді.
– Екпе алғандар, екінші дозаны алған соң 6 айдан кейін келіп, вакцинаны ала алады, – деп мәлімдеді Алексей Цой.