«CES for You» ата-әжелерімізге ағылшын тілін тегін оқытады

«CES for You» ата-әжелерімізге ағылшын тілін тегін оқытады

Биылдан бастап «CES for You» оқу орталықтарының барлық филиалында «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы іске қосылды. Енді қарияларымыз мұнда тегін ағылшын тілін үйрене алады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жақында осы жобаның тұсаукесері өтті. Бұл іс-шараға қарасайлық қарттар және облысқа аты танымал, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Сейтқали-қажы Ыбытаев арнайы шақырылды.

– Өскелең ұрпақ пен алдыңғы толқын ағаларымыз, ата-әжелеріміздің арасында байланыс орнатсақ деген ниетіміз болды. Осылайша жобаға қатысушы азаматтардың білімге деген құштарлығын ояту. Сол арқылы ұрпақтар сабақтастығына жол ашу.
Бүгінгі таңда ағылшын тілін үйренгісі келетін аға буын мен ағылшынды еркін меңгерген жастардың арасына көпір орнаттық. Қазірдің өзінде әр орталықта ата-апаларымыз топ-топ болып ағылшын тілін оқып жатыр, – дейді CES for You» оқу орталықтарының басшысы Айгүл Қанатқызы.

Бүгінде ата-әжелер үшін оқу орталығының есігі ашық. Мұндағы ұстаздар тегін қызмет көрсетеді. Әрі тіл үйрену бағытындағы барлық сауалдарыңызға жауап беруге дайын.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях