БЖЗҚ: Зейнетақы жарналары ешқашан азаймайды

БЖЗҚ: Зейнетақы жарналары ешқашан азаймайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың зейнетақы жинақтардың сомасы азаяюна байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Жалпы, салымшылардың зейнетақы жинақтары екі бөліктен құралады. Ол ай сайынғы табыстан аударылатын зейнетақы жарналары мен одан түскен инфестициялық табыс. Бұл жарналар ешқашан азаймайтын көрінеді.
Ал, олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді екен.Жалпы қордағы қаржы қозғалысын олар былай түсіндіреді.

– Зейнетақы жинақтары әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Бірақ, одан түсетін инвестициялық табыс бірқалыпты тұрмайды. Ол экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Қорыта келе, инвестициялық табыс күнделікті есептелетін болғандықтан зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады, – дейді БЖЗҚ басқарма директоры Нұрлан Әшімов.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях