Бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды

Бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды

Сот бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановты қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, экс-министр Е.Біртанов ірі көлемдегі ақшаны ысырап етті деген күдікке ілінген.

Осыған байланысты Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті тергеу уақытында Елжан Біртанов қамауға алынатынын мәлімдеді.

«Қаржы министрлігіне қарасты қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеулер қызметі бюджет қаражатын аса ірі көлемде ысырап ету фактісі бойынша бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот санкциясымен Біртанов қамауға алынды», – делінген ресми хабарламада.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях