Махамббет оқулары өтті

Махамббет оқулары өтті

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Тарих дегенде шежіреге толы батыр бабаларымыз бен ұлы ғұламаларымыз жайлы айтпасқа болмас. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы да арқылы біз тарихымызды тануға, оны жас ұрпаққа насихаттауға  арналған.  Осы орайда Мемлекет басшысының мақаласын негізге алу отырып кеше Ғабдуллин мектебінде  азулы ақындардың бірегейі Махамбет Өтемісұлының   жырларына арналған «Біз Махамбеттің ұрпағымыз!»   атты жарысы өтті. Халықтың санасын оятуға рухты өлеңдерімен ой салған, ержүрек батыр Махамбеттің бойындағы қасиеттері жас ұрпаққа үлгі. Ол – тасқындаған қайратымен ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың көрінісі.  Жалпы, байқауға қатысушылар жыршыл ақыннаң өлеңдерін эссе түрінде талдап және мәнерлеп оқудан бақ сынасты. Жарысқа  аймақтың тоғыз мектебінен  10 оқушы додаға түсті. Оқушылардың бұл сайысқа ерекше дайындықпен келгендерін байқауға болады. Қазақы нақыштағы киген киімдері бұл кештің ажарын одан ары аша түскендей болды. Қатысушылар «Ереуіл атқа ер салмай» кезеңінде нақышына келтіріп оқыған өлеңдерімен, «Мен-мен едім, мен едім»  атты тақырыпта жазған шығармалар  арқылы әділқазылар мүшелері үздіктерді анықтады. Атап айтқанда жүлделі үшінші орынға Абай-2 орта мектебінің  оқушысы  Алуа Кенесова алса, екінші орынды Толстой орта мектебінің оқушысы Балауса  Абдигалиева иеленді. Ал, жеңімпазды бірінші орынға Маметова орта мектебінің оқушысы Талант Есдаулет лайық деп танылды. Өзге оқушылар назар тыс қалмай, оларға да ынталандыру грамоталары тапсырылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях