Бойжеткенді ит талап жатқанда адамдар қарап тұрған

Бойжеткенді ит талап жатқанда адамдар қарап тұрған

Павлодар қаласында бойжеткенді ит талап жатқанда көршілері қарап тұрған. Полиция қызметкері келіп қызды құтқарыпты, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Polisia.kz сайтына сітлтеме жасап.

Оқиға 2021 жылдың 6 тамызында таңғы сағат алтыда болған.

Polisia.kz порталы мәлімдеуінше, шырт ұйқыда жатқан полиция лейтанты Бейбіт Жақыповты шыңғырған әйел дауысы оятады. Үнемі сергек жүретін тәртіп сақшысы үйдің жанында алпауыт төбеттің қызды талап жатқанын көріп, бірден көмекке ұмтылған.

«Қолыма түскен таяқты ала сала қызға жетіп барғанда, ит оның қолы мен аяғын қанжоса қылып талап тастағанын көрдім. Зардап шегуші құтырған иттен өзінің күшігін қорғамақ болғанда өзі таланып қалған екен. Қызды көлікке отырғызып жатқанда да хайуан бізге шабуылдауын тоқтатпады. Мен қолымдағы таяғыммен оған сес көрсетіп, көлігіме әзер міндім. Сол жерден «102» нөміріне хабарласып, қызды ауруханаға жеткіздім. Дәрігерлер оның жарақаты тым ауыр екенін анықтады. Қан да көп кетіпті», – деп есіне алды болған оқиғаны лейтенант Жақыпов.

Оксана Бород өзін ит талаған күнді қорқынышты түс секілді есіне алады. Егер полиция қызметкері болмағанда өзінің аман қалуы екіталай екеніне сенімді.

«Лейтенант Жақыповқа алғысым шексіз. Адамдар маған ертерек ара түссе мұндай ауыр жарақат алмас па едім. Бірақ айнала қоршаған үйдегі кейбір адамдар бізге жай ғана қарап тұрды, – дейді итке таланған бойжеткен.

Үй ауласында тұмылдырықсыз, иесіз қыдырып жүрген қабаған иттің иесін полиция сол күні Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша жауапқа тартқан. Зардап шеккен қыз иттің иесін моральдық шығын келтіргені үшін сотқа берді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях