Бірлік күні қарсаңында Елбасы қорынан 210 мың отбасы көмек алды, деп хабарлайды желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің мәлімдеуінше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры осы аптада Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында тағы 210 мың отбасыға 50 мың теңгеден бір жолғы төлем жасап, көмек көрсетудің екінші кезеңін аяқтады. Осылайша елімізде 360 мыңнан астам мұқтаж отбасы тікелей қаржылық көмек алды. Отбасы мүшелерін қосқанда бұл шамамен 1 млн қазақстандықты қамтиды.