Биыл үш қалада жастарға 1 мың пәтер беріледі

Биыл үш қалада жастарға 1 мың пәтер беріледі

Sorry, this entry is only available in Русский.

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жастар үшін жылына 1 мың пәтер салу тапсырмасына қатысты жыл сайын 7,2 млрд теңге (үш жыл бойы) бөлінеді. Бұл жайын ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов баяндады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша үш жыл ішінде мың пәтерден үш мың пәтер салынатын болады. Нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында 350 пәтер, Алматыда 350 пәтер және Шымкент қаласында 300 пәтер салынады. Қазір үш жылға бюджет қабылданды. Жыл сайын 7,2 млрд теңге қаржы бөлінеді. Пәтерлерді жастардың қай санатына қалай бөлінетіні жайлы ереже министрліктерде пысықталып жатыр. Мәселен, 350 пәтер салынғанымен, оған 30 мың адам өтінім беруі мүмкін. Сондықтан, қаржы бөлінді,құрылыс басталады. Биыл осы пәтерлерді сатып алуға да мүмкіншілік бар», – дейді Мархабат Жайымбетов.

Еске сала кетсек, былтыр күзде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек (қазіргі лауазымы – Премьер-министрдің орынбасары) Үкімет отырысында Астана (қазір Нұр-Сұлтан), Алматы, Шымкент қалаларының жұмысшы жастарына  1 мың пәтер салу мамыр айында басталатынын айтқан еді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях