Бірінші Май ауылдық округінде үш нысан ашылды

Бірінші Май ауылдық округінде үш нысан ашылды

 

Бүгін ауданымыздағы Бірінші Май ауылдық округіне қарасты Бекболат және Қайнар ауылдарында заман талабына сай
«Street workout» спорт алаңдары, Қайнар мектебінде футбол стадионы ашылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Нысандардың ашылуы салтанатына «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов, аудандық спорт бөлімінің басшысы Серік Камзанов, Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Елдос Мұқатаев және кәсіпкер, демеуші Жеңіс Бектасов қатысты. Жеңіс Амангелдіұлымен қатар екі алаңның салынуына «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры да үлес қосқан. Міне, осылайша қайнарлық және бекболаттық тұрғындар үшін демеушілердің қолдауымен пайдалануға берілген жаңа алаңда уақыттарын тиімді өткізіп, спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік туып отыр. Ал, Қайнар ауылындағы мектептің кіші футбол стадионына аудандық бюджеттен қаржы бөлініпті. Оның жалпы аумағы 1900 шаршы метрді құрап отыр. Футбол алаңының салынуына ағымдағы жылдың шілде айында жер телімі беріліп, құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер мекеме – «Жан-Мирас» ЖШС.
Алдағы уақытта салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын мұндай «Street workout» спорт алаңдарын ауданымыздағы басқа ауылдарда да пайдалануға беру жоспарда бар.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях