Қазақстанда өткен тәулікте 2298 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus.kz сайтына сілтеме жасап.
Індет жұқтырған науқастар мына аймақтарда тіркелген: Нұр-Сұлтан қаласы – 285, Алматы қаласы – 645, Шымкент қаласы – 80, Ақмола облысы – 135, Ақтөбе облысы – 71, Алматы облысы – 189, Атырау облысы – 85, Шығыс Қазақстан облысы – 87, Жамбыл облысы – 65, Батыс Қазақстан облысы – 129, Қарағанды облысы – 239, Қостанай облысы – 26, Қызылорда облысы – 69, Маңғыстау облысы – 42, Павлодар облысы – 116, Солтүстік Қазақстан облысы – 13, Түркістан облысы – 22.
Осылайша еліміз бойынша ауырғандардың саны 332369-ға жетті.