Еліміз бойынша өткен тәулікте ПТР арқылы 2 837 адам коронавируспен ауырғаны расталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Індет жұқтырған науқастар мына аймақтарда тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласы – 547, Алматы қаласы – 694, Шымкент қаласы – 110, Ақмола облысы – 147, Ақтөбе облысы – 139, Алматы облысы – 205, Атырау облысы – 128, Шығыс Қазақстан облысы – 95, Жамбыл облысы – 73, Батыс Қазақстан облысы – 172, Қарағанды облысы – 234, Қостанай облысы – 30, Қызылорда облысы – 69, Маңғыстау облысы – 57, Павлодар облысы – 54, Солтүстік Қазақстан облысы – 42, Түркістан облысы – 41.
Осылайша Қазақстан бойынша COVID-19 індетімен ауырғандардың саны 303 570-ке жетті.
Ал, 259 863 адам бұл сырқаттан сауықты.