Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше, яғни, қаңтар айының 4-і күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бірнеше заңдарға қол қойды. Нақтырақ айтқанда Президент «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы мүшелерінің және бағалау топтарының мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кипр Республикасының Үкіметі арасындағы табыс салығы бойынша қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттама ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталған заңдардың толық мәтіндері баспасөзде жарияланатын болады.