2019 жылғы мемлекеттік білім грант иегерлерінің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы ҚазАқпарат сайтында жария болды.
Өздеріңізге мәлім болғандай, 2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінген болатын. Биылғы конкурсқа 64 452 түлек қатысты.
Жалпы, мемлекеттік тапсырыс бойынша жалпы көлемнің 47%-дан астамы инженерлік, өңдеу және құрылыс, ІТ технологиялар саласына бөлінген болатын. Сондай-ақ, 8276 грант – педагогика ғылымына, 4088 – грант жаратылыстану ғылымы математика мен статистикаға, 2200 грант – қызмет көрсету мамандықтарына, 1615 грант – өнер мен гуманитарлық ғылымдарға, 2435 грант – ауыл шаруашылығы мен ветеринарияға, 2183 грант әлеуметтік ғылым, бизнес пен экономикаға берілді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, грант иегерлерінің тізімін Ұлттық тестілеу орталығы, «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», сайттарынан және «Байқаудың нәтижесін біл (Узнай результаты конкурса)» телеграмм-бот арқылы білуге болады.