Бекболаттағы учаскелік полицейдің пунктінде кім отыр?

Бекболаттағы учаскелік полицейдің пунктінде кім отыр?

Бірінші Май ауылдық округінің тыныштығына жауапты учаскелік полицейлер бүгінгі таңда Шамалған ауылында отыруға мәжбүр. Ал, Бекболаттағы учаскелік полицейге арналған пункт жалға беріліп кеткені жайында бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың аталмыш ауылда өткен есептік жиынында көтірілді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Жергілікті халықтың айтуынша, полиция қызметкерлері отыратын екі бірдей учаскелік пункттер бар. Оның бірі тұрғынға жалға беріліп кетсе, екіншісі  қараусыз, бос күйінде тұр. «Қажет уақытында учаскелік полицейді таппай қаламыз», – деп ашынған жұрт, наразылығын білдірді. Бекболат ауылының тәртіп сақшысы құқық бұзушылық кезінде ғана емес, бүгін өткен жиында да төбе көрсетпеді.  Айтылған мәселе аудан әкімі Жандарбек Ермекұлын да таңғалдырды. Осыған дейін учаскелік полиция қызметкері әкімдікке берген жауабына сүйенсек, ол  Шамалған ауылындағы отыру себебін,  мекеменің ішінде газ орнатылмаған деп түсіндірген.  Аудан әкімі Бірінші Май ауылдық округі әкімінің орынбасары Хизат Молдыбаевқа көгілдір газды орнату мәселесін қарастыруды тапсырып, жылыту мерзімі аяқталғандықтан учаскелік полицейге Бекболат ауылындағы пункте келіп отыру қажеттілігін айтты.

Ал, екінші учаскелік пункт жеке адамның меншігіндегі нысан болып табылады екен. Оның қандай мақсатта қолданылып жатқаны белгісіз. Сондықтан Жандарбек Ермекұлы ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мен Бірінші Май ауылдық округі әкімдігіне ол пунктің кімнің иелігінде екенін анықтауды тапсырды.   Келешекте, бәлкім, оны  әлеуметтік нысан ретінде қолданылу мүмкін.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях