Басты күшіміз – бірлікте

Басты күшіміз – бірлікте

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

1 наурыз – көктемнің көркем мерекелерімен қатар, жалпы халықтық іргелі саяси ұйымға айналған «Нұр Отан» партиясының құрылған күні. Биыл 19-шы рет аталып өтіп отырған мерекеге арналған салтанатты жиын кеше аудандық партия филиалының кеңсесінде ұйымдастырылды.

Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Махаббат Бигелдиев Елбасы өзі жетекшілік ететін партиямыз қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде  де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отырғанын айтып, әр нұротандық болашаққа деген сенімі мен білімін өз Отанының игілігіне жұмсауы тиіс екенін тілге тиек етті. Барша жиналғандарды наурыздың алғашқы тәулігімен тұспа-тұс келетін мерекелермен құттықтай келе, өңірдің өркендеуіне, партияның мақсат-міндеттерін орындауда елеулі үлес қосып жүрген белсенділерге Алғыс хат тапсырды. Бұдан бөлек, 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы саяси менеджмент мектебінде барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партия фракциясының депутаттарына арналған оқу циклін табысты аяқтағаны үшін аудандық «Заман жаршысы» газетінің редакторы А.Исаеваға арнайы сертификат беріліп, өткен жылдың қорытындысы бойынша, партиялық жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен Райымбек бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Әуесбай марапатталды.

Сонымен қатар, «Ж Қаскелең» ЖШС-нің директоры, аудандық мәслихат депутаты Ж.Бектасов, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының директоры Т.Сайбырова партия ардегері А.Айтжановтың қолынан облыстық партия филиалы төрағасының Алғыс хатын алды.

Аталған мереке қарсаңында республика бойынша партия мүшелері 1 123 356-ға толықса, қарасайлық нұротандықтар саны он мыңға жуықтаған. Салтанатты шара барысында да қатарға жаңадан бірқатар азаматтар қосылып, оларға билеттерін аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, Саяси Кеңес мүшесі С.Қыдыралиев табыс етті.

Сондай-ақ, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Мәсімақынов және партия ардагері Ұ.Бархинова баршаға мерекеге орай ізгі ниеттерін білдіріп, басты күш – бірлікте екенін айта келе, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының жетекшілігімен қадам басып келе жатқан жарқын болашақтың жолында жиналғандарға сәттілік тіледі.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях