Басты күшіміз – бірлікте

Басты күшіміз – бірлікте

 1 наурыз –  еліміздегі ең үлкен саяси қозғаушы күш, мемлекеттің мызғымас тірегі «Nur Otan»  партиясының құрылған күні. Биыл жиырма бірінші рет аталып өтіп отырған мерекеге арналған салтанатты жиын бүгін аудандық партия филиалының кеңсесінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

[su_custom_gallery source=»media: 16526,16528,16529,16530,16531″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Басқосуға облыстық «Nur Otan»  партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Жанболат Жөргенбаев,  аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбай, аудандық «Nur Otan»  партиясының филиалы төрағасының біріншіорынбасары Қаныбек Айтжанов, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, бөлім басшылары, “Жас Отан” жастар қанатының белсенді жастары қатысты.  Алғашқы сөз кезегін Жанболат Әкебайұлы алып, әр нұротандық болашаққа деген сенімі мен білімін өз Отанының игілігіне жұмсауы тиіс екенін тілге тиек етті. Одан кейін Қаныбек Құлжабайұлы екеуі барша жиналғандарды наурыздың алғашқы тәулігімен тұспа-тұс келетін мерекелермен құттықтай келе, өңірдің өркендеуіне, партияның мақсат-міндеттерін орындауда елеулі үлес қосып жүрген белсенділерге өз  аттарынан жеке-жеке Алғыс хаттарын марапаттап,  партия қатарына жаңадан қосылған  азаматтарға билеттерін табыс етті. Жиынның соңын  облыстық «Nur Оtan» партиясы ұйымдастырған  «Ортақ Абай » атты көркемсөз байқауына қатысқан Райымбек ауылындағы Ушинский атындағы орта мектебінің оқушысы Дарья Гаврилюк және   Қошмамбет орта мектебінің оқушысы Мұрат Сарванов  Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып түйіндеді.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях