Мемлекет басшысымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде орын алып жатқан су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан халқына жасаған бүгінгі Үндеуі өте орынды әрі маңызды болды.
Президентіміз Үндеуінде айтып өткендей, еліміздегі бүгінгі жағдай күрделі болғанымен, бірлесе біз барлық қиындықты міндетті түрде еңсере аламыз. Ең бастысы адамдарымыз аман. Ал зардап шеккен мүлік ол орнына келтірілетін зат.
Қазіргі уақытта апаттың салдарын жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр.
Олармен бірге апатты аймақтарда тұрғындардан құрылған қанша еріктілер тобы өз көмектерін көрсетуде. Оған қоса өзге аймақтарда арнайы бөлімшелер ашылып, зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмектер жіберілуде. Бұл біздің бірлігіміздің бекемдігінің дәлелі деп білемін. Себебі тек осылай бірлесе атқарған жұмыстың арқасында ғана бұл қиын кезеңнен де өте аламыз.
Ең бастысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, біздің күшіміз бірлікте екенін ұмытпауымыз керек. Және де алдағы уақытта осы болған жағдайдан сабақ алып, оның қайталанбауы үшін бар күшімізді салуымыз қажет.
Жанат Исағұлов,
Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы.