Жақында Тараз қаласындағы кәмелетке жасқа толмаған қыздың мектеп әжетханасында зорланғаны жайлы бәріміздің де есімізде. Әрине, осы оқиғадан кейін елімізде көптеген алдын алу шаралары жасалып, педофилдерге қатысты жазада қатаңдатылды. Бұл, әрине, қуантады бірақ та, әліде болса атқарылатын істер көп. Осы ретте бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің төрағалығымен өткізген Үкіметтің үлкен кеңесінде осы бір аса маңызды мәселені көтеріп, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін барлық шараны қолдану керектігін айтқаны мені қуанытты. Әсіресе, болашақта осындай жағдай тағы да қайталанбауы үшін өңір басшыларына мектептерді бейнебақылау жүйелерімен жабдықтауды және де барлық мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерді қарапайым қажеттіліктермен 100 пайызға қамтамасыз етуді тапсырғанын өте дұрыс деп санаймын.
Балаларымыз ол біздің қазынамыз, еліміздің болашағы. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өз-өздерін қорғай алмайтынын ешқашанда есімізден шығармай оларды қорғау ен алдымен біздің міндетіміз екенін ұмытпауымыз қажет. Мемлекет басшысының заңға өзгеріс енгізгені де, бүгінгі жиналыста айтқан сөздері де мені өте қуанытты. Бұл мен үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы ең алдымен әрқашанда жастардың қамын ойлап, олар үшін барлық жағдай жасауға тырысып жатқанын білдірді.
Өз болашағымыз өз қолымызда, бүлшіндерді қорғау баршамыздың парызымыз екенін әрдайым есімізде ұстап жүрейік.
Эльмира Есенбаева,
Қарасай аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры.