Балаңыздың сабақ үлгерімін үйден бақылай аласыз

Sorry, this entry is only available in Русский.

Енді ата-ана үйде отырып-ақ, баласының сабақ үлгерімін ғаламтор арқылы бақылап, сынып жетекшісімен виртуалды байланыс орнату арқылы мектеп өмірінен хабардар бола алады. Себебі, оған 2016-2017 оқу жылында енгізілген kundelik.kz жүйесі септігін тигізіп отыр. Сонымен қатар, аталған жүйе педагогтарды қағазбастылықтан құтқарып, оқушылардың білім деңгейі
жөніндегі статистикалық-сараптамалық мәліметтерді өңдеуді, сондай-ақ,  ақпараттандыруды жаңа сапалық деңгейде қамтамасыз етеді. Бұл жаңа жобаның енгізілуі қала мен ауыл мектептері арасындағы теңсіздікті жоюға да игі ықпалын тигізбек.

Аудандық білім бөлімінің ақпараттық жетекші маманы Нұрсұлтан Лаураның берген мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда осы жаңашыл жүйенің игілігін 45 қарасайлық мектептің 27-сі көруде. Олардың 13-і бірінші жартыжылдықта, 14-і жақында енгізілген. Солардың бірі болып саналатын Әйтей ауылындағы Қосынов орта мектебі былтырғы жылдың қазан айынан бастап іске кіріскен екен. Аталған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сайра Кулжабаеваның айтуынша, қыркүйекте екі мұғалім Талдықорған қаласына барып арнайы курстан өтіп келіп, педагогикалық ұжымда әріптестеріне білгені мен көкейге түйгендерін үйреткен. Сосын, ұстаздар мен оқушылардың тізімі және сабақ кестесі бекітілген соң kundelik.kz жүйесі іске қосылып жүре берген. Әр бала мен ата-анаға да арнайы логин мен құпия сөз де таратылған. Яғни, енді қауырт қызметтен қолы босамайтын ата-ана кез келген уақытта өзінің смартфоны арқылы баласының күнделікті қай пәннен қандай баға алғанын қашықтықтан-ақ бақылап отыруға мүмкіндік алды.

Бір сөзбен айтқанда, оқушының қайда жүргендігі, немен айналысып жатқаны, сабақ үлгерімі қандай екендігі қатаң қадағалауда. Сонымен бірге, тақырыптық форумдар өткізуге,  фотосуреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен немесе мұғаліммен байланысуға да болады.

Ал, электронды журнал ең алдымен, мұғалімдердің есеп тапсыруына қолайлылық танытып отырған тәрізді. Өйткені, барлық сандық мәліметтер сонда тайға таңба басқандай айқындалып-ақ тұр.  Оның формасы негізінен үйреншікті қағаз журналға ұқсайды, бірақ оған бірнеше қосымшалар енгізілген. Атап айтқанда, күндік, апталық журнал және сабақ парақшасы болып жіктелген. Мұғалім кез-келген сабаққа түсініктеме және қосымша материалдар қоса алады. Үй тапсырмаларын басқарудың интерактивті модулі сыныптың барлық оқушысына немесе жеке-жеке тапсырма беруге, әр түрлі сыныптар үшін тапсырмаларды көшіруге, оларды файлдарға қосуға және орындалу барысын басқаруға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның тағы бір артықшылығы – қағаз күнделік сияқты пайдаланылған соң лақтырып тастамай, электронды нұсқада сақталады. Бірнеше жыл өткеннен кейін де қажет ақпараттарды мұрағат арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Бұл әсіресе, мұғалімдерге өте ыңғайлы. Олар сабақ жоспарларын жылда қайталап жасамай, бір рет дайындаған соң келесі жылдары аздап толықтырып отырса болғаны.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях