«ҚазАвтоӨндіріс» одағы автокөлік нарығының баға динамикасына қатысты статистикамен бөлісті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Автокөлік саласындағы одақтың мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар былтыр жалпы 654,3 млрд теңгеге 71 417 жеңіл автокөлік сатып алған. Яғни, олардың 27 пайызы құны 5 миллион теңгеден аспайтын автокөлікті иеленген.
Автокөліктердің бизнес-классы – 10-15 млн теңге болса, премиум-классы – 15 млн теңгеден жоғары тұрады.
Жолаушыларға арналған ең қолжетімді көліктердің ондығы позициясын отандық автоөндірушілер ұстап тұр. Осылайша, құны 2,7 млн теңгеден басталатын өскемендік Lada Granta – қолжетімділігі бойынша көшбасшы саналады. Бұл тізімінен Lada 4×4 (3,4 млн теңге), Ravon Nexia (3,5 млн теңге), Chevrolet Niva (4,17 млн теңге), Ravon R2 (4,2 млн теңге), Ravon R4 (4.21 млн теңге), Lada Largus (4.3 млн теңге), Lada XRAY (4.4 млн теңге), Lada Largus LCV (4.9 млн теңге) және UAZ Patriot Pickup (5.8 млн теңге) маркалы автокөліктерді көруге болады.
Елде сатылып жатқан ең қымбат көлік модельдерінің тізімін Lexus LS (56,7 миллион теңге) бастап тұр. Одан кейін Porsche Panamera (56,3 миллион теңге), Porsche Cayenne (43,8 миллион теңге), Lexus LX (40,5 миллион теңге), Audi Q8 (39 миллион теңге), BMW 8 сериясы (37,8 миллион теңге), Land Rover және Range Rover (37 миллион теңге), Cadillac Escalade (34,3 миллион теңге), BMW X7 (33 миллион теңге) және Lexus GX (32,3 миллион теңге) тұр.