Бұрынғы Үкімет басшысы жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы Үкімет басшысы жаңа қызметке тағайындалды

Sorry, this entry is only available in Русский.

ҚР экс премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметінде жария болды.

«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын», – делінген Елбасының Жарлығында.

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. Жоғарғы білімді, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. Алғашқы еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысынан бастаған. 1988-1992 жылдар аралығында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет жасап, ассистенттік дәрежеден әлеуметтану кафедрасының доцентіне дейінгі еңбек жолынан өтті.  «Құрмет» ордені және мерейтойлық медальдармен  марапатталған. Көпшілікке белгілі болғандай, Б.Ә.Сағынтаев 2016 жылдан бері Қазақстанның Үкімет басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях