Бәрі де бүлдіршіндер үшін…

Бәрі де бүлдіршіндер үшін…

Sorry, this entry is only available in Русский.

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ізімізді жалғаған балапандарға арнап аудандық мәдениет үйінде жылдағыдай мерекелік шара ұйымдастырды. Қала басшысы Біржан Нұрлыбаев құттықтау сөзбен ашқан салтанатты шара балаларға арналған концерттік бағдарламамен басталды. Жиналған жергілікті тұрғындар алдында облыстық, аудандық байқауларда өнер көрсетіп, жүлделі орындармен келіп жүрген жасөспірім жеңімпаздар алма- кезек өнер көрсетті. Әсем әуен мен мың бұралған биін көрерменге паш еткен олар Біржан Арғынбекұлының қолынан «Ихлас», «Түркістан», «Ақмешіт», «Өмір бұлағы» діни бірлестіктері, «Довганюк» ЖК, «Зәуре» кеңсе тауарлар дүкені ұсынған сайлықтарды алу бақытына ие болды. Сонымен қатар, Қаскелең қаласы әкімі аппаратының демеушілігімен тегін батут қойылды. Мәре- сәре болып ойнаған балалар бір марқайып қалды. Ал, ауданның 8 мектебінен келген 50 оқушы қатысқан спорттық эстафета жарысының сыйлықтарын Тұңғыш Президент қоры қамтамасыз етті. Бүлдіршіндерді құттықтауды көздеген шара мұнымен тоқтап қалмады. 500-ге жуық балаға тегін балмұздақ, сусын, тәттілер, вафли таратылды. Оған «Жер- Ана» базары, «LION» ЖШС, «BRAVO» ЖШС және «Солнечный» сүт заводы демеушілік етті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях