БҚО-да TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан шығарылған мұғалім қызметіне оралды  

БҚО-да TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан шығарылған мұғалім қызметіне оралды   

БҚО-да TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан шығарылған мұғалім қызметіне оралды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының білім бөліміндегілер айтты, – деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сандуғаш Бисенғалиевадан жұмыстан заңсыз шығару туралы шағым түсті. Біз оны қарастырдық. Педагогті өз лауазымына қайта алу туралы шешім қабылданды», – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайынова.

Сандуғаштың өзі бір топ мұғалім қаржы полициясына заңбұзушылық туралы шағым түсіргеннен кейін жанжал туындағанын айтты.

«Музыка мектебінің директоры Айдана Давлетова мені қандай себеппен жұмыстан босататынын таппай, TikTok-тағы видеоларға ілікті. Бірақ оның өзі менің рұқсатымсыз басқа адамдарға видеоларымды жіберу арқылы этикалық нормаларды бұзды. TikTok білім беру платформаларының тізіміне кірмейді. Бірақ оған тыйым салынбаған», – деді Сандуғаш Бисенғалиева.

Айта кетейік, Сандуғаш Бисенғалиеваның оқиғасы үлкен қоғамдық резонанс тудырды. БҚО Теректі ауданы Балалар музыка мектебінің меңгерушісі Сандуғаш Бисенғалиева TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан босатылған. Музыка мектебінің директоры алдымен мұғалімге сөгіс беріп, кейін оны педагогикалық этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығарған.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях