Азаматтарды әскерге аттандыру – ортақ іс

Азаматтарды әскерге аттандыру – ортақ іс

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында, аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаеваның төрағалығымен, әскер жасына дейінгі жастар тәрбиесі және азаматтарды әскерге шақыру жұмыстарын бағамдауға арналған жиналыс өтті.

Жиналысқа қала, ауылдық округ әкімдері, білім басшысы, мектеп директорлары мен әскери нұсқаушылары, БАҚ өкілдері шақырылды.

Күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша сөз Қарасай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жаңа тағайындалған бастығы, майор  Нұрбол  Жұмашханға берілді. Ол өз кезегінде  әскер жасына дейінгі жасөспірімдердің тәрбиесі және азаматтарды әскерге шақыру жұмыстары мен оның барысында кездесетін кедергілер туралы жан-жақты баяндап, бұл шаралардың реті мен оған ат салысуы тиіс мекемелердің міндеттері жайында сөз қозғады.

Яғни, заң тілімен айтқанда, азаматтарды әскери қызметке шақыру – бұл әскери міндеттілік негізінде Қарулы күштерді жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін іс-шаралар кешені. Оны жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Ал, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет жүргізіледі. Соған сәйкес, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар жоғарғы оқу орнында оқып жүрмесе немесе, денсаулығы жарамсыз болмаса отанқорғаушылар қатарына қосылып, өз борыштарын өтеп қайтуға міндетті. Айта кетсек, қазіргі уақытқа аудан бойынша 12000 әскерге шақырылушы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің картотекасына тіркелген. Бұдан бөлек, жасөспірімдер арасындағы патриоттық тәрбие мәселесі де кеңінен талқыланып, тақырыпқа тұздық болды.

Сондай-ақ, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру тобының бастығы, сержант Қ.Найзабекова мен жұмылдыру ресурстарын есепке алу және тағайындау жөніндегі инспекторы А.Тауфикова сөз алып, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Бұл ретте олар қыркүйектен жарамды азаматтарды әскерге аттандыру басталатынын, осыған орай әр округтегі бекітілген мамандар берілген тізім бойынша құлақтандыру шараларын жандандыра түсулері қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің арнайы қаулыларына және ҚР ҚМ 2017 жылғы 15 маусымдағы №288 бұйрыңының талаптарына сәйкес, осы жылдың 4-қыркүйегінде, Қапшағай қаласындағы № 1028 әскери бөлімде екі апталық ҚР ҚК әскери оқу жиындары өткізілетінін, оның жалпы жұмылдыру әзірлігін арттыруға қаншалықты маңызды екенін ескере отырып, тізім бойынша азаматтардың келуін қамтамасыз ету қажеттігі де ескертілді.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары, аудандық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Айжан Нұрділдәқызы қорытындылап, округ әкімдеріне, мектеп  директорлары мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне осы бас қосу барысында айтылған барлық мәселеге салғырттықпен қарамай, ескертулерден қорытынды шығарып, жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях