«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесін жетілдіру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тілектерін қабылдауға мүмкіндік беретін «Краудсорсинг» жобасын іске қосылды.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияға басқарма төрағасының блогы мен көптеген әлеуметтік желілер және кері байланыстың басқа да арналары арқылы көптеген адамдардан сервистерді жетілдіру және түрлі проблемаларды шешу бойынша өтініш-ұсыныстар түсіп жатыр. Енді ықылас танытқан әрбір азаматтың осы жоба аясында мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы білдіріп, мәселені шешуге көмектесе алады. Жобаны енгізушілер қазақстандықтардан фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистерді жетілдіру бойынша инновациялық жаңа ұсыныстарды күтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тілектердің барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады. Ұсыныс-тілектерді мемлекеттік корпорация қызметкерлерінен құрылған комиссия сараптамадан өткізіп, таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады. Ұсыныс қалдыру үшін https://www.gov4c.info/ сілтемесі арқылы өтіп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайт қолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пікірлер жазып, тіпті, бағалай алады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях