Есім Сабаш атты франциялық қандасымыз Парижге жақын Крей қаласында сайлауда жеңіске жетіп, қала мэрінің орынбасары болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Қуанышты хабарды Есім Сабаштың әкесі Махмұт Сабаш facebook парақшасында бөлісті. Ол желідегі парақшасында қызының Францияның солтүстігіндегі Крей қаласы әкімінің орынбасары болып сайланғаны хабарлады. Аталмыш қала (фр. Creil) – О-де-Франс аймағына, Санлис округіне жатады.