Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев Ресей президенті Владимир Путинге сенім грамотасын табыстады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Үлкен Кремль сарайының Александр залында 23 мемлекеттің жаңа тағайындалған елшілері сенім грамоталарын тапсырған болатын. Осы шарада қаңтар айының 29- күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ресей Фердерациясындағы Қазақстанның елшісі болып тағайындалған Ермек Көшербаевта Путинге сенім грамотасын табыс етті.