Қазақстанның 32 учаскесіндегі автожолдарға камералар орнатылады

Қазақстанның 32 учаскесіндегі автожолдарға камералар орнатылады

Биыл 2020 жылы жалпы алғанда 11 мың шақырымдық республикалық маңызы автомобиль жолдарында 600-ден астам бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту Министрлігінің мәлімдеуінше 2024 жылға дейін еліміздің 32 учаскесінде жолдар қозғалысын тәулік бойы бақылайтын бейнетехника орнатылатын болады.

Әзірлеушілердің айтуынша, бейнебақылау құрылғыларындағы жылдамдық қуатын есептегіш пен арнайы жүйелік бағдарламалық жасақтама нақты уақыт көлемінде көлік туралы барлық ақпаратты өңдеуге мүмкіндік береді. Осылайша бейнебақылау камералары арқылы автокөліктің қозғалыс жылдамдығы мен оның бағытын анықтауға болады. Сондай-ақ, жолдың бойымен немесе мемлекеттік тіркеуі жоқ нөмірмен жүрген автокөліктерді де табуға болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях