Бүгін аудандық С.Керімбеков атындағы орта мектебінде «Қазақстандағы XXI ғасырдың ата-аналары: өз балаңызға үлгі болыңыз» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы өтілді. 8-9 қыркүйек күндері 1 және 11 сынып оқушыларының ата-аналарына жоспарланған бұл жиынның мақсаты – жанұя мен меткеп ынтымақтастығын нығайту. Осы тұрғыда жоғарыда аталған білім ордасында 1 сынып оқушыларының ата-аналарымен психологиялық-педагогикалық тұрғыда тренинг өткізілді. Сондай-ақ, конференцияда қонақ ретінде Қарасай ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің әдіскері, қамқоршылық кеңесінің бірқатар мүшелері және С.Керімбеков орта мектебінің директоры қатысты. Алғаш сөз кезегін алған осы мектеп мекемесінің директоры Қанат Байғараев 8 қыркүйек – отбасы күнімен құттықтап, ата-аналар үшін бұл жиынның аса маңыздылығын түсіндіріп, арнайы үлкен экранда конференция бағдарламасын ұсынды. Одан кейін мектеп психологы Ақмарал Байгазиева көрсетілген бағдарлама бойынша ата-ана балаға қалай үлгі болу керек, қандай қарым-қатынаста болу сияқты сұрақтың төңірегінде баяндамысын оқып, тренинг жүргізді. Маңызды мағлұматтар алған ата-аналарда белсене қатысып отырды.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать