Елімізде қорғаныс бетперделерінің бірыңғай бағасы белгіленеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша бүгінде мемлекеттік комиссия маскаларды алып-сатарларды жауапкершілікке тарту мәселесін, әсіресе, ғаламтор арқылы маска саудасымен айналысатындарды қатаң жазалау туралы шешімді қолдады. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде.Таяуда бір нақты бағалар белгіленетін болады.
– Біз бетперделерді өзіндік құнынан төмен етіп сатуға мәжбүрлей алмаймыз. Дегенмен маскаларды алып-сатумен айналысқандар айыппұл немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазір біз заңгерлермен осы мәселені қарастырып жатырмыз, – деді денсаулық сақтау министрі.