Елімізде белгілі бір шектеулер қойылса, кинотеатрлар ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпаратты тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді. Оның айтуынша, комитет тарапы кинотеатрлар үшін жеңілдік жасау мәселесін қарастырып, жақын арада іске асырылуы мүмкін бірнеше нұсқа талқылауда.
– Қазіргі уақытта комитет бұл мәселені зерттеп, қарастырып жатыр. Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның таяудағы отырысында кинотеатрлардың қызметін қайта іске қосу ұсынылады. Алайда залдар 100 пайызға толмайды. Сондай-ақ, кинотеатрлардың иелері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтауға міндетті. Біз отырыста ұсынатын боламыз, алайда түпкілікті шешімді комиссия қабылдайды, – деді комитеттің ресми өкілі Е.Байтанаев