Қазақстан-Қытай шекарасы ақпан айында бірнеше күнге жабылады. Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қытайда дәстүрлі жаңа жыл мейрамын тойлауға байланысты қазақ-қытай шекарасының өткізу бекеттерінің барлығы ақпан айынының 4,5,6 күндері аралығында жабық болады деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің кезекші бөлімі.
2017 жылы Қытай Жаңа жылы қаңтардың 28-іне қараған түні енді. Шығыс жылнамасы бойынша ол жылда ауысып келіп отырады. Мейрамның нақты уақытты Ай айналымына қарап анықталып, жылдың алғашқы айында Ай бірінші рет туған кезде Жаңа жылды қарсы алады. Әдетте Қытайда бұл мейрамды тойлау 15 күнге жалғасып, екі апта бойы іскерлік белсенділік сап тыйылып қалады.