Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні заңсыз митингілерді ұйымдастыруға және оған қатысуға шақырулар таратуда.

Бұл ретте олардың тарапынан сайлау комиссияларының жұмысын бұзуға шақырулар айтылуда.

Бұл іс-әрекеттер Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келеді, қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Қылмыстық кодекстің 150-бабы бойынша сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіру, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді қоса алғанда, 100 АЕК айыппұлдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Жекелеген адамдар қоғамға дауыс берудің әдейі бұрмаланған қорытындыларын көрсету мақсатында түрлі интернет-қосымшалар арқылы «баламалы дауыс беруге» қатысуға шақырулар таратуда.

Осыған орай «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға (бұдан әрі – Конституциялық заң) сәйкес қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күнге дейін 5 күн ішінде және дауыс берілетін күні БАҚ-та жариялауға жол берілмейді (28-баптың 9-тармағы).

Бұдан бөлек, азаматтардың мұндай сауалнамалар жүргізуге құқығы жоқ.

Осы нормаларды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 120-бабының 3-бөлігі бойынша айыппұл түрінде (жеке тұлғаларға 15 АЕК, заңды тұлғаларға 30 АЕК) әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

Сонымен қатар, байқаушылардың фото-, аудио- және бейнежазбаға құқығының іске асырылуымен дауыс беру құпиясына және Конституциямен кепілдік берілген жеке өмірге қол сұғылмауға тиіс екенін атап өтеміз (18-б.1-т.).

Азаматтық кодекстің 145-бабына орай қандай да бір адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға жол берілмейді.

Конституциялық заңға сай (20-1-баптың 3-тармағының 6-тармақшасы) байқаушы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

Олар осы талаптарды бұзған жағдайда сайлау комиссиясы байқаушы тіркеуінің күшін жоюға құқылы (Конституциялық заңның 20-1-бабының 4-тармағы).

Жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу және ұйымдастыру үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған.

Оларды өткізу туралы өтініш ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректерін, сондай-ақ қатысушылардың болжамды санын көрсете отырып, белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша нысанда беріледі (Заңның 10-бабы).

Жиналыстар мен митингілер қатаң түрде қалалық және аудандық мәслихаттар айқындаған орындарда өткізілуге тиіс.

Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі. Бұл үшін өтініштер өткізілетін күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын беріледі, олар бойынша жергілікті атқарушы орган 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті (Заңның 12, 13-баптары).

Конституциялық заңға сәйкес (5-баптың 1-тармағы) сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы бір сайлау бюллетеніне бір дауысқа ие болады.

Тең сайлау құқығын бұзғаны үшін бір адамқа бірнеше бюллетеньдер берген сайлау комиссиялары мүшелері үшін де, екі немесе одан да көп рет немесе басқа сайлаушы үшін дауыс берген сайлаушылар үшін де әкімшілік айыппұлдар (25 АЕК) көзделген (ӘҚБтК-нің тиісінше 108 және 110-баптары).

Бұдан бөлек, Бас прокуратура митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі – Заң) реттелетінін еске салады.

Заңсыз акцияларға шақырғаны, ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша жаза түрінде 25 тәулікке қамауға алуға дейін жауаптылық туындайды.

Егер бұл іс-әрекеттер елеулі зиян келтірсе, онда кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады, онда 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жаза көзделген.

Мазмұндалғанды хабарлай отырып, Бас прокуратура азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях