«Қазақстан халқына» қорының кеңес мүшелері сайланды

«Қазақстан халқына» қорының кеңес мүшелері сайланды

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорында Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы сайланды. Қамқоршылық кеңес құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар және басқа да беделді азаматтар кірді, – деп хабарлайды Naqty.kz  желілік баслымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қоғамдық әлуметтік қорының төрағасы болды.  «Қазақстан халқына» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы лауазымына Юрий Пя сайланған.

Қамқоршылық кеңес құрамына кіргендер:

Юрий Пя – «University Medical Center» КҚ төрағасы, Қамқоршылық кеңес төрағасы;

Аружан Саин – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Қайырымдылық» ерікті қоғамы» қорының директоры;

Бақыт Байғалиева – «Орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» ЗТБ төрайымы, құрылтайшысы;

Саида Таукелева – «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ басшысы, құрылтайшысы;

Эльмира Әлиева – «Help Today» ҚҚ төрайымы;

Ләззат Чинкисбаева – «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры;

Владислав Трифонов – «Шексіз өмір» Қоғамдық бірлестігі;

Ирина Смирнова – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері

Роза Сүлейменова – «САТР» ЖШС бас директоры;

Алмаз Ержан – қоғам қайраткері, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаушы;

Ораз Жандосов – «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры, экономист;

Олжас Құдайбергенов – «Center for strategic initiatives» консалтинг компаниясының аға серіктесі;

Арманжан Байтасов – «Tan Media Group» компаниясының иесі, меценат;

Қайырбек Сүлейменов – «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы.

Кеңес қор қызметінің негізгі бағыттарын және оның міндеттерін айқындауға жауап береді, бюджетті бекітеді, басқа да бақылау және ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері, меценаттар «Қазақстан халқына» ҚҚ шотына мына деректердің бірі бойынша қаражат аудара алады:

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, АО «Халық банк»;

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, АО «Kaspi Bank».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях