Кеше Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің «Жетісу бөрісі» атты Алматы облыстық іріктеу жарысы өтті. Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған дүбірлі додаға Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев арнайы қатысып, жарыс алдында спортшыларға сәттілік тіледі. 18 палуан бақ сынаған үлкен аламанда Балқаш ауданының тумасы Руслан Әбдіразақов үздіктердің қатарынан көрініп, «Жетісу бөрісі» атанды. Жүлделі екінші орынды Талдықорған қаласының намысын қорғаған Александр Косачев алса, қола жүлдені Іле ауданының балуаны Ұлан Рысқұл қанжығасына байлады.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать