Жауапсыз ата-аналар мәселесі қаралды

Жауапсыз ата-аналар мәселесі қаралды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жуырда аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы Айжан Назарбаеваның төрағалығымен өтті.

Онда алты отбасының жай-күйі баяндалып, олар ата-ананың бала тәрбиесіне деген немқұрайдылығына қатысты болды.

Мысалы, А есімді азаматша, 10 күннен енді асқан бөбегін жалдамалы пәтердің суық бөлмесінде қараусыз, аш қалдырып, өзі мас күйінде жанында ұйықтаған. Ол кісіге комиссия мүшелері уақытша ата-ана құқығынан айыру жазасынына ұсыныс беріп, 3 ай көлемінде өзін ретке келтірмеген жағдайда, бала асырау құқығынан айырылатынын ескерті.

Жалпы, бұл отырыста комиссия мүшелері бала тәрбиелеушілерге оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болатынын, ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауы тиіс екенін түсіндірді. Ал, ісі қаралушы тұрғандарға тиісті үкім шығарылып, тәрбиесі нашар балаларды арнайы мектепке жіберілуі талқыланды. Онымен қоса, ішкілікке бой алдырған ата-аналар ісі сотқа жіберіліп, бала тәрбиелеу құқығанан айыру мәселесі қаралды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях