Жастар не дейді?

Жастар не дейді?

Sorry, this entry is only available in Русский.

Елбасы үлкен үміт артып отырған жастар қандай? Олар үшін адам бойындағы қадір-қасиеттердің ең маңыздысы қайсы? Бос уақыттарын қалай пайдаланады және зиянды әрі жат қылықтардан қаншалықты аулақ? Осы ретте жауап іздеген сұрақтарымыздың тізімін жасап, Сулейман Демирел университеті студенттерінің арасында сауалнама жүргізген едік. «Қыздардың бойындағы қай қасиетті жоғары бағалайсыз?» деп басталған сауалымызға «адалдық» деген жауапты көп кездестірдік. Тәрбиелілік, мейірімділік, имандылық, сыпайылық сынды қасиеттерді де назардан тыс қалдырмадық. Ең қызығы, «Күйеуін бағындыра алуы» деген жауап таңырқатты. Бір жыныстыларға (гейлерге) және жат қылықтарға (ішімдік, темекі, есірткі) басым бөлігі қарсы, дегенмен, бейтараптар да кездесті. Жастардың спортпен айналысуы да әрқилы. Кейбірі жиі, аптасына бір немесе үш рет, ал, кейбіреуі мүлдем айналыспайды екен. Бос уақытын қалай өткізетінін сұрағанымызда: кітап оқумен, достарымен кездесумен, фильм көрумен және ұйқымен өткізетінін аңғардық.  Рухани байлықты алғашқы орынға қоятын жастардың да көп екені көңіл қуантты. Материалдық байлықты да ескеру керек, дейді қазіргі заманда.  Діни көзқарастары да қалыпты және өздері ұстанады екен. Азаматтық некені 75 пайызы қолдамайды, яғни, қарсы, қалған студенттер қолдайтынын әрі құқығы бар деп пікір білдірді. Сауалнамаға қатысушылар патриотизмге келгенде осалдық танытты. Аз бөлігі шынайы патриот екендігімен бөлісті, ал, қалған бөлігі орташа белсенді және бұл мәселеде бейтарап екендігін айтты.

Міне, қоғамның қозғаушы күші саналатын жастардың сұрақтарымызға берген жауаптары осындай.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях