Жастар да қолдайды

Жастар да қолдайды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Елбасы жақында жария еткен Үндеу мен жаңа Жолдауға пікір білдіруден қарасайлық жастар да қалыс қалған жоқ. Мысалы, жақында «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері Қаскелең мәдениет колледжінің және «Жәрдем» медициналық колледжінің студенттерімен жақсы бір кездесу өткізді. Бұл жүздесудің мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін және жуырда халыққа БАҚ арқылы жолдаған, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жан-жақты түсіндіру болатын.

Жалпы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында, осы орталықтың жетекшісі Әсел Елеусізова мен бас кеңесші Гүлнар Жамалбекова ұйымдастырған басқосуда Үндеудегі саяси реформа бүкілхалықтық талқылауға ұсынылып отырғаны және әр азаматтың өз пікірін еркін білдіріп, нақты ұсыныс енгізуіне мүмкіндігі бар екендігі және ондағы жастардың рөлі, ықпалы әңгімі арқауына айналды. Сонымен қатар, Президент Жолдауындағы экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған бес негізгі басымдығылы кеңінен талқыланып, оны жүзеге асыруға әр адам өзіндік үлес қосуы керектігі жеткізілді. Бұдан бөлек, жиын барысында жастарды қоғамдық жұмысқа жұмылдыру туралы және оларға сапалы білім беру, мәдени дамыту, жастар кәсіпкерлігі мен ғылымын күшейту тақырыбы да көтеріліп, сөз болды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях